Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жаныңмен қайғы болып жатырсың": Роза Әлқожаның денсаулығы сыр берді

Танымал әнші Роза Әлқожа денсаулығы сыр беріп, ауырып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/roza_alqozha/

Әншінің айтуынша, алдымен балалары ауырып бастаған.

“Үнсіз пандемия! Адамның бәрі ауруханада емес, жеке ем шара бөлмелерінде. Алматыда да, Шымкентте де көргенім сол! Бәрібір түбінде сыр беріп, өзің де системаға келгенсің ғой. Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы, кімнің несі керек, жаныңмен қайғы болып жатырсың”, – деп жазды әнші. 



Айта кетейік, әншінің балалары да әлі толық жазыла алмай жатқан көрінеді. 

“Өскеменнен келгелі балалар ауырып, түнімен ұйқы жоқ. Байқағаным, мутацияға ұшыраған түрленген ковид жүр екен барлық жерде. Өйткені қай қалада болса да, диагноз бір. Тамақ іседі, қызуы көтеріледі, іші түйнеп ауырады, құсу, іш өту белгілері бар”, – деп айтты әнші. 

Еске салайық, Роза Әлқожа марқұм әнші Ажар Түзелбекқызын есіне алып, өткен күндерден сыр шерткен еді. 

Талқылау