Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Біреудің отбасын шайқадым деп ойламаймын": Әнші Индира Расылхан алғашқы күйеуінің екінші әйелі болған

Индира Расылхан бірінші күйеуінің екінші әйелі болғанФото: Видеодан скриншот

Танымал әнші Индира Расылхан “TalkLike” бағдарламасына берген сұхбатында өзінің екінші әйел болғанын мойындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол алдымен бірінші күйеуі туралы айтып, онымен ажырасу себебін түсіндірді. 

“Бұрынғы күйеуім өнер адамы болған. Мен ол кісіден аяғым ауыр кезде кетуге мәжбүр болдым, себебі өте көп ұрып-соғатын. Ішімдегі балаға зиян тимесін деп кеттім. Өзі қолымнан жетектеп үйден қуып шықты”, – деді ол.

Өнер иесі алғашқы күйеуінің екінші әйелі болғанын да жасырмады. Ол бұл шешімге шын ғашық болғандықтан барғанын айтты.

“Ол адамға тұрмысқа шыққан кезде оның отбасы болды. Мен екінші әйелі болдым. Мен оның әйелі бар екенін білдім, бізді жақындастырған шығармашылық деп ойлаймын. Ол кісі әндерімді аранжирлеп беретін. Мен оған дейін жігітпен жүріп көрмегендіктен, ол кісінің жылы сөзі әсер еткен болуы керек шын ғашық болып қалдым. Жақсы көрдім, ажырасқаннан кейінде біршама уақыт ұмыта алмай жүрдім”, – деді ол.

Бүгінде хиджаб киіп, дінге бет бұрған әнші өзін біреудің отбасын шайқадым деп есептемейтінін ашық айтты.  

“Менің анамның әкесінде де ұл болмаған, екінші әйел алған. Кейін мұндай жағдай менің анамның басына келеді. Осы себепті бұл нәрсе менің көзқарасым бойынша қалыпты жағдай. Сондықтан мен біреудің отбасын шайқадым деп ойламаймын, ажырату үшін бардым деп есептемеймін. Бұл қызғаншақтықтың мәселесі. Бұл жерде бір еркекті бөлісе алмау немесе өзін бөлісе алмау, басқа ешнәрсе жоқ. Мен анамды көріп өскеннен кейін “екінші әйел ме?”, жақсы деп тие беріппін. Біреуге кесірім тиеді, біреуді ренжітемін деп ойламаппын”, – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Индира Расылхан жеке өміріндегі жаңалықты жариялаған еді.

Балнұр Жұмаділла
Жексенбі, 04 Қаңтар, 2026 21:21