Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Бір жұмысшы жансақтау бөлімінде жатыр”: Қарағанды облысындағы шахтада апат болды

"Саран" шахтасында орын алған апаттың салдарынан 3 адам зардап шеккендігін тексеру үшін Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қарағанды ​​облысы бойынша департаменті комиссия құруда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

"2024 жылдың 14 қазанында сағат 23:00–де „Qarmet“ АҚ Көмір департаментіне қарасты „Саран“ шахтасында апат болды. 41К-7В ұзын қабырғасының төменгі түйіспесінде жұмыс істеу кезінде металл бекіткіш профилін жылжытқан кезде үстіңгі бөліктерден тау жыныстарының бір бөлігі аршылып, жұмысшылар жарақат алған: тау-кен тазарту жұмысшысы 1988 жылы туылған Д. Сембеков, кен шебері 1989 жылы туылға А. Григорьевич және тау-кен механизаторы 1983 жылы туылған А.Рудия ", — делінген еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіның хабарламасында.

Апат салдарынан компания қызметкерлері түрлі дене жарақаттарын алған. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, зардап шеккендер профессор Х. Ж. Мақажанов атындағы облыстық травматология және ортопедия атындағы облыстық орталыққа жеткізілді.


"Алтын іздеген": Ақмола облысында жоғалған 17 жастағы жасөспірім шахтадан табылды


Дәрігерлер тексергеннен кейін Д. Сембеков пен А.Григорьевич еңбекке жарамсыздық парағын ашпай үйлеріне жіберілді.

А.Рудий қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

"Жазатайым оқиғаны тексеру үшін мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қарағанды ​​облысы бойынша департаменті комиссия құруда. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады", – делінген ведомствоның ақпаратында.

Еске салсақ, осыған дейін Ақтөбе облысындағы шахтада кен опырылып, жұмысшы қаза тапқанын жазғанбыз. 

Талқылау