Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір жылда 20 баланың ата-анасы атанған ерлі-зайыпты 100 нәрестесі болғанын қалайды

Ресейлік Кристина мен түркиялық кәсіпкер Галип Грузияда отбасын құрып, бір жыл ішінде 22 сәбидің ата-анасы атанды. Енді олар балаларының санын 100-ге жеткізуді армандайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

19 жастағы Кристина Гагаркина Грузияға сапары кезінде түркиялық кәсіпкер Галип Өзтүрікпен танысқан. Батумидегі алғашқы кеште қыз күннің батқанын тамашалау үшін ашық верандасы бар мейрамханаға барған. Болашақ ерлі-зайыпты сол жерде танысқан.

"Мен сені көргенде бірден ғашық болдым. Сен сондай жеңіл, сонымен бірге ұялшақ және жұмбақсың. Сен гауһар сияқтысың”, – дейді бейтаныс адам.

50-ден асқан бизнесмен Кристинаға бірден үйленуге ұсыныс жасайды. Содан кейін ол олардың балалары көп болатынын және ұзақ, бақытты өмір сүретінін айтқан. Осылайша, жұп кездесуден бірнеше апта өткен соң үйленді.

“Мен әлі күнге дейін осындай батыл қадам жасауға шешім қабылдағаныма сенбеймін: бүкіл өмірімді бір шешіммен өзгерту керек болды. Бірақ, шынымды айтсам, мен “иә” деп айтқаныма өкінбеймін”, – деді Кристина.

Галип басынан бастап көп баласы болғанын қалайтынын айтты. Түрік азаматы бір баланы 9 ай күте алмайтынын ескертіп, экстравагантты нұсқаны – суррогат аналардың көмегіне жүгінуді ұсынды.

17 жасында Вика есімді қызды дүниеге әкелген Кристина ойлануға уақыт сұрады. Ойын сараптай келе күйеуінің ұсынысына келісті.

Батумидегі клиникада дәрігерлер Кристина мен Галиптен жұмыртқа мен Шәует сынамаларын алып, оларды суррогат аналарға отырғызды.

Суррогат аналарға үміткерлерді іріктеу қатаң тәртіппен жүргізіледі. Біріншіден, болашақ ана жас, бірақ кем дегенде бір рет босанған болуы керек. Екіншіден, оның жаман әдеттері мен тәуелділігі болмауы керек. Үшіншіден, ол сау болуы керек. Төртіншіден, келісім жасамас бұрын, суррогат ана психологпен әңгімелесу курсынан өтуі міндетті.



Түрік кәсіпкерінің қаржысы көмектесіп, бір жарым жылдың ішінде жұп 21 сәбидің ата-анасы атанды. Олардың тұңғышы Мұстафа 2020 жылдың 10 наурызында дүниеге келді. Содан бері, әр ай сайын отбасына бір мүше қосылады.

Суррогат ана болу – арзан емес. Грузияда бөтеннің баласын көтерген әйел 8000 еуро алады. Бұл сомаға медициналық көмек, арнайы тамақтану мен дәрі-дәрмек шығындары қосылады.

Қазір бақытты ата-ана 22 баланы тәрбиелеп отыр және олар мұнымен тоқтамайды. Олар 100 баласы болғанын қалайды. Кристина қарым-қатынастың басында Галипке балаларды жақсы көретінін және балабақшасы болғанын қалайтынын айтқанын күліп еске алады.

Кәсіпкердің ақшасы суррогат аналарға ғана емес, бала күтушілеріне де жеткілікті болды. Қазір 12 күтуші бар, отбасының анасы олардың әрқайсысына қатаң қарайды. Мысалы, күтушілер арнайы күнделіктер жүргізуі керек, ұсақ-түйекті жазып алады.

Әйел бала күтушілердің көптігіне қарамастан, балаларды өзі тәрбиелейтінін айтты.

“Мен тәрбие, тамақтану, оқыту жүйесін қалыптастырамын. Менің көмекшілерім бар, бірақ олар менің дайындаған нұсқауларымды орындайды, әр әрекетті ұсақ-түйекке дейін өңдейді. Өкінішке қарай, біз әрқашан күтушілермен ортақ тіл мен түсінік таба бермейміз, сондықтан қызметкерлерді өзгерту керек”, – дейді Кристина.

Қазір отбасы Батумидегі ашық террассасы бар екі қабатты пәтерде тұрады. Олар бірінші қабатты балаларға берді: үш балалар бөлмесі, ойын бөлмесі, балалар асханасы және Виканың бөлмесі бар. Екінші қабат – Кристина мен Галипке арналған.

56 жастағы Галип бизнес жүргізіп жатқанда, 24 жастағы Кристина аналарға арналған блог ашқан. Онда ол өзінің күнделікті өмірі туралы әңгімелейді, сонымен қатар қыз бірқатар қонақүйлерді басқарады. Үйлену тойынан кейін Галип жұбайын бірнеше қонақүйдің директоры етіп тағайындады, осылайша ол көшбасшы болуды үйреніп, қиын шешімдерді өз бетінше шеше алады, содан кейін бұл дағдыларды балаларына береді.

Кристина жүкті болғысы келетінін мойындайды, бірақ қазір дайын емес. Үйге және бала тәрбиесіне көп күш пен уақыт жұмсалады. Ол балалардың өскенін күтеді.

Талқылау