AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Болды, тоқтатсаңшы деп жазады”: 32 жастағы әйел 12-ші баласын дүниеге әкелді

АҚШ-тың Арканзас штаты Арканзас-Сити қаласының тұрғыны Бритни Черч өзінің12 баласының тамағына қанша ақша жұмсайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Sun басылымына сілтеме жасап. 

көпбалалыБритнидің сөзінше, ол бірінші баласын 16 жасында босанған. Ол баланың әкесіне тұрмысқа шығып, тағы төрт сәби дүниеге әкеліпті. Алайда әйел күйеуімен ажырасып кетіпті, бұл сәтте ол алтыншы балаға жүкті болған. 

2014 жылы әйел екінші рет тұрмысқа шығады. Екінші күйеуінен ол тағы алты бала босанады. 

32 жастағы америкалық келіншек TikTok желісінің белсенді қолданушысы. Мұнда көп балалы ана қалай 12 баланы тәрбиелеп отырғаны жайлы айтып, оқырмандарының сұрақтарына жауап береді. 

12-ші сәбиі дүниеге келгенін Бритни желіде хабарлапты. Осы сәтте оның жазылушылары әйелден тағы да бала сүю ойында бар ма деп сұрайды. Өз кезегінде әйел жаңадан босанған қызынан кейін бала жоспарламайтынын жеткізіпті. Көбі оның жауабына ықыластық танытқан, алайда желі қолданушыларының арасында әйелге “Болды, тоқтатсаңшы” деп жазғандар да табылыпты. 

Америкалық ананың сөзінше, олар күйеуі екеуі азық-түлікке аптасына 230 фунтов стерлинг (шамамен 140 мың теңге) жұмсайтынын жеткізіпті. Бұған қоса , балалар үшін аптасына 5 қорап жүгері үлпектепі, 66 қап сүт пен 600 жөргек сатып алатынын айтады. 


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр