Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір жылда 12 адамның миына Илон Масктың чипі енгізілген

чипФото: shutterstock.com

Илон Маск негізін қалаған Neuralink компаниясы қазір 12 адам ми импланттарын алғанын мәлімдеді. Жалпы алғанда олар құрылғыларды 2 мыңнан астам күн және 15 мың сағат пайдаланған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Біз барлық қатысушыларымызбен нейрондық интерфейстердің мүмкіндіктерін зерттеудің жалғасын тағатсыздана күтеміз", - делінген компанияның Х әлеуметтік желісіндегі хабарламасында.

Reuters мәліметінше, бұл сынаушылар санының айтарлықтай өскенін көрсетеді. Маусым айында Neuralink чиптерге ие болған ауыр параличті жеті науқас туралы есеп берген еді.

Компания сәтті имплантацияның алғашқы жағдайын 2024 жылдың қаңтарында растады. Сол кезде чип адамға ойы арқылы компьютермен әрекет етуге көмектескені белгілі болды.

Содан кейін Neuralink ауқымды зерттеуді бастады, оған Лондон университеті колледжі мен Ньюкасл ауруханасының британиялық ғалымдары қосылды. Жобаның мақсаты – медициналық мақсатта қолдану үшін ми интерфейстерінің әлеуетін тексеру.

Бұған дейін чип сал ауруына шалдыққан Ноланд Арбоның өмірін қалай жақсартқаны айтылды. Енді ол достарымен сөйлесе алады, твиттер жазып, бейне ойындар ойнай алады, жапон тілін үйреніп жүр және өз бетінше қонақүйде бөлмелерді брондай алады.

Айнұр Мұхади
Сейсенбі, 16 Қыркүйек, 2025 10:05
Талқылау