Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бір жылап алдым": Ерке Есмахан күйеуінен ерекше сый алғанын айтты

Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/

Танымал әнші Ерке Есмахан күйеуінің сыйлығы жылатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі алдымен аяғы ауыр кезінде жолдасынан аллған сыйлықтарын көрсетті. 

“2 жылда 2 бала босану оңай емес. Оны түсінген күйеуім, Батырға аяғы ауыр кезімде көңіл күйімді көтеру үшін бәрін жасады. Өздеріңіз куәсіздер. Соңғы айларда қатты ауырсынып жүргенде сыйлықты жаударды. Қырқынан шығару кезінде де сыйлық алып берді. Әлі ашпадым да, тақпадым. Баршаңызға байдың қатыны болуды тіледім”, – деп жазды әнші. 



Одан кейін ерекше сыйлыққа да тоқталды. Әншінің сөзінше, жолдасы оған арнап ән шығарған көрінеді. 

“Жақында күйеуімнің барлық сыйлығын ысырып қоя салдым. Өйткені, жолдасым маған баға жетпес сыйлық дайындады. Менің сахнаны сағынғанымды сезіп, өнер адамы екенім туралы әңгіме бастады. Сөйтіп, студияға мені отырғызып, өзінің маған арнап, ән шығарғанын айтты. Тыңдап, еңкілдеп, бір жылап алдым. Ең үлкен сый осы болды. Жақын арада сіздер де тыңдайсыздар. Райм, мен сені сүйемін”, – деп жазды Ерке. 

Еске салайық, Ерке Есмахан "Еркектің ығына жығылмау керек” деп қыз-келіншектерге кеңес берген еді. 

Гүлдана Нұрлыханова
Жұма, 25 Шілде, 2025 14:41
Талқылау