Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бір жыл бойы ұялып, келмей қойды": Ләйлә Сұлтанқызы бала сүйе алмай жүрген блогер Елдос "Колобокке" қалай көмектескенін айтты

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы бала сүйе алмай жүрген блогер Елдос Кәдірхановқа қалай көмектескенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скриншот

Медиа маманы блогердің отбасына хабарласып, ұрықтандыру клиникасына шақырған. 

“Алдымнан бірнеше рет Елдос пен Таңшолпанның сұхбаты шықты. Бүкіл халық болып, сегіз жылдан бері сол отбасыға сәби нәсіп етуін тілеп жатырмыз. Ол күн де алыс емес. Бір күні көмекшім арқылы Елдостың жары Таңшолпанға хабарластым. “Біздің қор арқылы клиникаға емделуге болады” деп айттым. Олар да осыған дейін шетелдік ауруханаларының есігін тоздырған екен. Менің сөзімді тыңдаса да, селқос жауап берді. Содан бұл іс аяқсыз қалып кетті”, – деп бастады әңгімесін журналист. 



Сөзінше, ұзақ уақыттан кейін блогердің әйелі өзі журналистке хабарласып, жолыққысы келетінін жеткізген. 

“Бір күні маған блогердің келіншегі хабарласып, шынын айтты. “Біз ұяламыз, жұрт мыналар тағы келіпті” деп қолдарымен шұқып көрсетеді. Сол үшін біз тағы да “жоқ” деген жауапты естігіміз келмейді. Бірақ сіздермен байланысқымыз келеді деді. Бірден ұшып келді. Дәрігерлер олардың өтінішімен қызметтік есіктен кіргізіп, басқа пациенттерге көрсетпеуге тырысты. Жоспарланған ота да сәтті өтті. Тіпті, маған сол жаңалықты дәрігер айтқанда, оның көзі жасқа толып тұрды”, – деді тележүргізуші.  

Еске салайық, блогер 13 жылдан бері белсіздік дертімен күресіп келгенін жазған едік. 

 

Талқылау