Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бір жарым жылдай жатып қалдым": Қанат Әлжапбаровтың балалық шағы туралы айтқаны елді күлдірді

Танымал актер Қанат Әлжапбаров балалық шағын есіне алып, елді күлдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Подкастан үзінді

Өнер иесі бақыт туралы әңгіме айтып, балалық шағын айтып берді. 

“100 пайыз бақытты болу мүмкін емес қой негізі. Есімнен кетпейтін жағдай бар. Бір жарым жылдай қатты жатып қалдым. Жүре алмадым, сөйлей алмадым. Қатты қиын болды. Ол кезде жанымда ағайын да, дос та болған жоқ. Сол кезде жанымда тек анам болды, күні-түні қасымда анам жүрді. Білесіз бе, мен тіпті өз еркіммен қолымды көтеріп, тамақ іше алмай қалдым. Қолым жыбырлайды, бірақ, тамақ жей алмаймын, тісім жоқ. Сонда анам 2 жылдай мені емізді. Бір жарым жасымда еңбектей бастадым, 2 жасымды жүре бастадым, 6 жасымда мектепке бардым. Міне, 40 жасқа келдім, сол оқиғаның болғанына 38 жыл өтіпті", – деп әзілдеді актер. 



Айта кетейік, әзіл әлемінің актері саяси әзілдерімді қиып тастайды, сондықтан арзан әзілдер айтып жүргенін жасырмаған еді. 

"Бірде саясат туралы әзіл айттым. Отыз елдің қатарына кіру деген секілді мәселе қозғалды. Айта сала бірден қиятындарын ескертті. Сол халыққа жеткен жоқ. Содан кейін саяси әзілдер айтпаймын. Ақыры қиып тастайтын болса, онда осыларға керегі арзан әзілдер екен деп ойладым. Сондықтан болмайтын әзіл айтып жүрмін. Соған халық риза. Алайда элиталық орындарда менің әзілдерім өтпейді”, – деген еді актер. 

Талқылау