"Бір уақытта бірнеше банктен несие алуға тыйым салынады": банктер туралы заңға бірқатар өзгеріс енгізілді
Фото: istockphoto.com
Мәжілісте банктер туралы заңға түзетулер қабылданды. Барлық банктерге арналған бірыңғай QR-код және бір уақытта бірнеше жедел несиені рәсімдеуге тыйым салынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мәжіліс депутаттары үшінші тұлғалар атына несие ресімдеудің алдын алуға бағытталған бірнеше түзетулерді заңға енгізді.
Биометрия
Банкте алғаш рет шот ашу кезінде биометриялық сәйкестендіру Ұлттық Банктің биометрия жүйесі арқылы және тек клиенттің жеке қатысуымен жүргізіледі.
Сонымен қатар, банктердің ЭЦҚ шығарып беруі клиенттің келісімімен және міндетті биометриялық сәйкестендіруден кейін ғана рұқсат етіледі.
Несие алу ережелеріндегі өзгерістер және банкроттық
Алаяқтық схемалардың алдын алу үшін бір адамға бірнеше банкте немесе микроқаржы ұйымдарында бір сағат ішінде бірден бірнеше несие рәсімдеуге тыйым салынады.
Сондай-ақ, соттан тыс банкроттық рәсімін жеделдету көзделген.
Жаңа нормаларға сәйкес банктер мен МҚҰ алдындағы жалпы қарызы 1600 АЕК-ке (шамамен 6,2 млн теңге) дейін болатын, және міндеттемелерін орындау мерзімі 5 жылдан асып кеткен борышкерлер үшін соттан тыс банкроттық мерзімі 6 айдан 1 айға дейін қысқартылады.
Сонымен қатар жеке тұлғалардың қарыздарын коллекторларға сатуға мораторий 2027 жылдың 1 мамырына дейін ұзартылды. Криптовалюталардың заңды айналымы кеңейтіледі, түзетулер криптроалмасу орындарын енгізуді қарастырады. Сондай-ақ, төлемдерді ыңғайландыру үшін барлық банктерге ортақ бірыңғай QR-код енгізіледі.
Сонмен түзетулер мыналарды көздейді:
- бірнеше микрокаржы ұйымынан бір мезгілде несие алуға шектеу қою;
- несие алғаш рет рәсімделген кезде биометриялық тексеруден өту үшін микрокаржы ұйымына міндетті түрде жеке бару;
- Ұлттық цифрлық қаржылық инфрақұрылымды құру;
- сақтандыру ұйымдарының инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейту;
- жеке тұлғалардың қарыздарын коллекторларға сатуға мораторийді ұзарту;
- несие мерзімінен бұрын өтелген жағдайда сақтандыру сыйақысын қайтару;
- Ұлттық стратегиялық крипторезерв құру;
- қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді реттеу.
Құжаттар Сенатқа жолданды.
Айта кетейік, бқған дейін банктерге қазақстандықтардың биометриялық сәйкестендіру базасына рұқсат беретіні хабарланған еді.
"Шетелдіктер 4250 теңге төлеп, отандастармен тең құқылы қызмет алады": Қазақстандықтар сырттан келгендердің медициналық көмекті тегін алатынына наразы