Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде бір топ адам жерлеу рәсімін түсіріп жатқан операторды сабап тастады

Ақтөбеде таяуда полицейлердің қолынан қаза тапқан жігітті жерлеу рәсіміне бүгін БАҚ өкілдері де барған болатын.

оператор

Оператор Мирлан Аманжолов

Белгісіз біреулер түсіру тобына тап беріп, бейнеоператорды соққыға жыққан. Оның камерасын тартып алып, сындырып тастады,-деп жазды өңірдегі Stan.kz сайтының тілшісі.

Облыстық телеарна басшысы Ернұр Бураханның айтуына қарағанда, қазіргі уақытта бейнеоператор дәрігерлердің көмегіне зәру.

“Тәртіп сақшыларға да хабарластық. Оператормен бірге журналист Әлия Оразай да болған. Абырой болғанда, оған ештеңе болмады”,- деді Ернұр Бурахан.

Айта кетейік, санаулы күн бұрын ақтөбелік жігіт стоматология қызметкерін кепілге алып, өзінің әйелін жеткізіп беруін талап еткен болатын. Оны бес сағат келіссөз жүргізіп райынан қайтара алмаған полицейлер атып алған еді.

Оқи отырыңыз:

Димаш 10-кезеңде үшінші орын алып финалға шықты (видео)

Баян Есентаева: Қоғамға өзімнің кім екенімді түсіндіретін уақыт жетті

Қайрат Нұртас фильмге кастинг жариялады

Бүркіт пен Айша алғаш рет клипке ұлдарын түсірді (фото, видео)

Талқылау