"Бір тиын ақшасын қимай жүр": Мөлдір Әуелбекова бұрынғы күйеулерін сынады
Фото: https://www.instagram.com/moldir.auyelbekova/
Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова ұлы мен қызының әкесіне үндеу жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі алиментке қатысты ойын бөлісті.
“Алимент төлемей қашып жүргендерді сот алдында тік тұрғызып жатыр дейді. Енді ойлап қоямын, алиментке беру керек пе еді?! Жалпы, баласынан қашқанымен, Құдайдан қаша алмайтыны ақиқат қой. Нағыз ер азамат алиментсіз-ақ баласына қамқор болады. Қалғаны көп сөз – бос сөз. Бір тиын ақшасын, бір минут уақытын баласына қия алмаған еркексымақтарға күнімізді қаратпағанына шүкір! Алла ұлық!", – деп жазды ол.
-
"Үйде ерің болмағасын қорқынышты": Мөлдір Әуелбекова жер үй сатып алды
-
"Ұлдарының көзінше киімсіз жүреді": Мөлдір Әуелбекова аналарға үндеу жасады
Айта кетейік, эстрада жұлдызы екінші күйеуінің төртінші әйелі болғанын айтқан еді.
“Отбасылық өміріміз ұзаққа созылмады. Қызыма 8 айлық жүктілігімде кетіп қалдым. Ол жерде ұлым екеуіміз жалғыз қалдық. Мен күйеуімді дұрыс танымай шығыппын. Ол туралы ақпарат іздегенде де маған жалған мәлімет келген. Сөздің шыны керек, төртінші әйелі екенімді білдім. Содан күйзеліске түстім. Күйеуім өзінің отбасы мен бала-шағасына кетіп қалады. Мен баламмен жалғыз қалдым”, – деген еді әнші.

"Құл-Мұхаммедтен Алагөзовке": Қоғам белсендісі Алматыдағы Тереңқұр аумағындағы қонақүй салынатынын айтып дабыл қақты
