Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Қазақстан үкіметі шетелден ПТР тестсіз келген азаматтарға күніне алты миллион теңге бөледі

Қазақстанға 28 ақпанда коронавируспен ауырмайтынын көрсететін ПТР анықтамасы жоқ 729 жолаушы келді. COVID-19-ға тестті олар мемлекет есебінен өтеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.   

Денсаулық сақтау министрлігіне қарайтын зертханалар бір ПТР-тестке 8 025 теңге (шамамен 20 доллар) жұмсайды. Осылайша, билік 729 жолаушыға 5,8 миллион теңге (шамамен 14 мың доллар) төлейді.

2021 жылғы 28 ақпанда Қазақстанға Германия, Шри-Ланка, Сауд Арабиясы, Мальдив Республикасы, БАӘ, Египет, Түркия, Украина, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстаннан барлығы 23 халықаралық әуе рейсі келді.

3 210 авиажолаушыдан ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамалар 2 481 адамда болған. Ал анықтамасыз келген қазақстандықтар саны - 729.


"200 теңгеге дейін тағы қымбаттайды": Қазақстанда бензиннің бағасы артты 


Алматы әуежайына: 15 рейс, 2033 жолаушы, анықтамасы барлар - 1693, анықтамасыз - 340. Ал Нұр-Сұлтан әуежайына 8 рейс, 1177 жолаушы, анықтамамен - 788, анықтамасыз - 389 жолаушы.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары COVID-19 -ға ПТР-талдау әдісімен сынақтан өткізіліп, карантиндік стационарда өз нәтижелерін күтуде, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.

Сондай-ақ, ПТР талдау нәтижелері бойынша анықтамасыз келген 473 Қазақстанан азаматының ішінен Дубай-Алматы рейсімен келген төрт жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.

 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 01 Наурыз, 2021 13:55
Талқылау