Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір шөлмек ішімдіктің ракты қоздыруы мүмкін екенін білесіз бе

Күні кеше, яғни 4 ақпанда бүкіләлемдік обырға қарсы күрес күні аталып өтті. Бұл ретте Халықаралық денсаулықты сақтау ұйымы спиртті ішімдіктің қандай онкологиялық ауруларды қоздыратынын атап көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz.

Ішімдік рактың кем дегенде жеті түрін қоздырады

Алкогольдің рактың кем дегенде жеті түрін қоздыратыны анықталды. Оның ішінде: ішек обыры (тоқ ішек пен тік ішек; сүт безі, өңеш, көмей, бауыр, ауыз қуысы және тамақ обыры бар.

Этанол – алкогольді ішімдіктің құрамындағы ең басты канцерогенді зат болып табылады. Ол спиртті ішімдіктердің барлығында дерлік кездеседі. Этанолдың кесірінен жасушалардың зақымдануы оның қатерлі бұзылуына әкеп соқтырады. Бұдан өзге, этанол әйелдің гормондарына кері әсерін тигізеді. Ол жасушалық пролиферацияны қоздырып, сүт безі обырының дамуына сеп болады. Ішімдіктен бөлек, әйел шылым шегетін болса, тіндердің бұзылу қаупі еселеп артады, ақырында рак дамуының қаупі жоғарылайды.

Ішімдік ішуді азайту арқылы обыр дертімен ауыру қаупі төмендейді

Алкогольді ішімдікті неғұрлым көп тұтынсаңыз, ракқа душар болу қаупі соғұрлым жоғарылай түспек. Мәселен, әйел күніне 4 бокал шарап ішетін болса, сүт безі обырына шалдығу қаупі 50%-ға, ал 8 бокал ішсе 130%-ға артады. Обыр дертін алдын алу үшін алкогольді тұтынудың ең төменгі мөлшері жоқ. Бұл дегеніңіз, тіпті аз мөлшердегі ішімдік обыр дертіне шалдықтыруы мүмкін.

Саяси тәсіл арқылы ішімдіктен келетін залалды азайту

Алкогольді ішімдіктен келетін залалды азайту үшін бірқатар саяси шешімдер мен тәсілдерді қолдануға болады. 2012-2020 жылдарға арналған Еуропалық жоспарда мемлекет тарапынан жасалатын бірнеше тәсіл көрсетілген.

Сонымен ең тиімді деген үш әдіске:

1. Салық арқылы ішімдіктің бағасын арттыру;

2. Алкогольді ішімдікке деген қолжетімділікті шектеу:

3. Ішімдіктің жарнамасына тосқауыл қою;

 

Жіберіп алмаңыз:

Ұйқы қандырудың денсаулық үшін маңызы қандай

Ғалымдар ұялы телефоннан тарайтын сәулелердің қауіпті екенін жоққа шығарды

Пицца ең пайдалы таңғы ас екені анықталды

Қауіпті гинекологиялық ауруларды қалай алдын алуға болады

Талқылау