Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бір пәннен ғана ұстағаны өкінішті": Мадина Сәдуақасова ұлының үздік болмағанын айтты

Фото: https://www.instagram.com/sadvakasovamadina/

Танымал әнші Мадина Сәдуақасованың ұлы бастауыш мектепті аяқтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі жеке парақшасында жазба жариялады. 

“Қош бол, құтты бастауыш”, – деді Әнуар. Шоқан Уәлиханов атындағы мектепті бітірдік. Енді алда үлкен сыныпқа қадам. Құттықтаймын, балам! Бір-ақ пәннен “4-ке” шықты, қалған сабақтарының бәрі – “5” Қалай ойлайсыз, қай пәннен “4-ке” шықты?!”, – деп жазды әнші. 


  • "Астанадан үшқабатты вилла алуға болатын еді": Мәдина Сәдуақасова су жаңа пәтерін көрсетті

  • "Жүректі қозғайды": Мадина Сәдуақасова әріптесі Сәкен Майғазиевке қатысты жаңалығын бөлісті


Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, әншінің ұлына қолдау білдіріп жатыр. 

“Бір пәннен ғана ұсталғаны өкінішті”, “Мәселе бағада емес, бастағы білімде екенін түсіну керек”, “Құттықтаймын Әнуар! Жолың ашық болсын! Бағалар – ол жай ғана сандар. Бастысы елім дейтін ер бол”, “Математикадан жібермей қалды-ау”, “Қазіргі мектеп бағдарламасы оңай емес, сонда да жақсы нәтиже көрсете алғаны өзінің, ұстазы мен ата-анасының бірлесе жасаған жұмысының нәтижесі екені сөзсіз”, “Мадинаның баласы орысша сөйлейді, қазақ тілінен “4-ке” шыққан болар”, – деп жазды көпшілік. 

Еске салайық, Мадина Сәдуақасова әскери салаға қатысты атағының жойылып кеткенін айтқан еді.

Гүлдана Нұрлыханова
Сәрсенбі, 28 Мамыр, 2025 11:31
Талқылау