Бір отбасының арманын орындаған ұтыс: Қазақстандық келіншек "Сәтті Жұлдыз" лотереясынан көлік пен ақша ұтып алды

Қазақстандық келіншек “Сәтті Жұлдыз” ұлттық лотереясына қатысып, жаңа көлік пен ақшалай сыйлық ұтып алды. Жеңімпаз қуанышын бөлісіп, ұтысын қалай жұмсайтынын айтып берді.
Марфұға есімді қазақстандық келіншек “Сәтті Жұлдыздың” лотереяларына үш-төрт жылдан бері қатысып келеді. Өзінің айтуына қарағанда, бұл оған қызық әрі ұтыс сыйлайтын сүйікті әдетіне айналған. Бұған дейін ол “777” лотереясынан 100 мың және 300 мың теңге ұтқан екен. Ал бұл жолғы жеңісті 7s Avto LOTO лезді лотереясы сыйлапты.
“Маған “TeleBingo”, “7s Avto LOTO” ерекше ұнайды. Осы түрінен ірі ұтысқа ие болғаныма өте қуаныштымын. Бұл мен үшін күтпеген, бірақ өмірімдегі ең бақытты сәттердің бірі болды”, – дейді жеңімпаз.
Марфұға – тұрмыстағы әйел, үш баланың анасы. Ұтыс туралы хабарды естігенде ең әуелі отбасына айтыпты. Балалары мен жолдасы қатты қуанып, бәрі бірге жеңісін атап өткен. Оның сөзінше, бұл ұтыс – тек бір реттік сәттілік емес, бір отбасының арманын орындаған мүмкіндік болыпты.
“Жақында қызым көлік айдауды үйреніп, жүргізуші куәлігін алған еді. Реті келіп тұрған соң, жолдасым екеуіміз көлікті қызымызға береміз деп шештік. Ал ақшалай сыйлықты отбасылық демалысқа жұмсамақпыз. Қазір күн суыды, жылы жаққа – мысалы, Дубайға барып, демалып қайтқымыз келеді. Балаларымыздың бәрі дән риза”, – дейді ол.
Марфұғаның сөзінше, лотереяда жеңімпаз болудың нақты бір әдіс-тәсілі жоқ. Бәрі адамның бағы мен сеніміне байланысты. Десе де, ол адам қаншалық көп билет алса, соншалық ұтыс иегеру атануға мүмкіндігі бар екенін айтады.
“Сәтті Жұлдыз” ресми, ұлттық лотерея болғандықтан, сенімді. Сол себепті еш уайымсыз қатысатынмын. Басқаларға да өз бағын сынап көруге кеңес беремін. Бәріне сәттілік тілеймін”, – дейді Марфұға.
Айтпақшы, алдағы жексенбі, 26 қазанда TeleBingo-да кезекті пәтер иесі анықталады. Қосымша ұтысқа қатысу үшін 3 500 теңге тұратын ЛотоЖинақ сатып алуларыңыз керек. Аталған тираж сол күні, сағат 10:00-де “31 арна” телеарнасы мен SattyZhuldyz YouTube-арнасының тікелей эфирінде көрсетіледі.
Жарнама құқығында
BI Group жалдаған компания жұмысшыларына еңбекақысын төлемеді деп айыпталды