"Бір қыста екі жылқы жейміз": Алтынай Жорабаева соғымын көрсетіп, көпшілікке жақпай қалды
“Құрмет” орденінің иегері, әнші Алтынай Жорабаева қыста жейтін соғымын көрсетіп, сынға қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/altynaizhorabayeva/
Өнер иесі балконға жайып сақтайтын еттерін қайдан алатынын жасырмады.
“Ет жейтін қазақтармыз. Соғым шүйгін болсын! Бір қыста екі жылқы жеп қоямыз. Астанаға көшіп келгелі ет жейтін болыппын. Жалпы етті көп жемеуші едім. Мына тұрған бір жасар тайдың еті. Қыс бойы балконға сақтаймын. Шымкентте етті тек тұзбен ғана тұздайды. Сарымсақ, бұрыш дегендерді қоспайды. Мен де солай жақсы көремін”, – деді әнші.
-
"Бұрынғымен салыстырасың": Алтынай Жорабаева күйеуін ел алдында мақтады
-
"Бұл жағдай бірінші рет емес": Алтынай Жорабаева жақындарына үндеу жасады
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, өнер иесінің мақтаншақтығын сөз етіп жатыр.
“Мұны көрген Тоқаев халықтың жағдайы жақсы деп ойлайды”, “Осылар көз бен сөзден қорықпайды”, “Етіңізге көз тисе, иесінің іші өтеді”, “Жаман жегенін айтады”, “Мақтанатын басқа дым қалмады”, “Қаншама халық аш отыр?!”, “Соғым алсын бірақ қазысы тым көп емес пе?!”, – деп жазды оқырман қауым.
Еске салайық, бір бөлме аяқкиімін көрсеткен Алтынай Жорабаева қызу талқыға түскенін жазған едік.