Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Бір-бірімізді жақсы көреміз: Анатолий Цой әріптесі Анна Седаковамен қарым-қатынасы туралы шындықты айтты
Бүгінде отанымызда ғана емес Ресейде де кең танымалдыққа ие болған әнші Анатолий Цойдың ресейлік жұлдыз Анна Седаковамен қарым-қатынасы төңірегіндегі қауесет әлі де басылар емес. Кейде әншілердің өзі желіде екіұшты жазба қалдырып, көпшіліктің көкейіндегі күдікті үдетуде. Десе де өнердегі әріптесімен арада не бар екенін айтқан Цой бір-бірімізді жақсы көреміз, бірақ ол әпкем сияқты дейді.

Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
«Ашығын айтқанда, біз Анямен (ред. Анна Седакова) мұны хайп үшін әдейі жасаған жоқпыз. Егер адамдар солай ойлағысы келсе, неге ойламасқа? Біз онымен жақсы, жақын қарым-қатынастамыз. Бір-бірімізді жақындар сияқты жақсы көреміз… Ол маған әпкем сияқты», – дейді Цой.
Әншінің өзі осылай дегенімен бұған дейін влогында Седаковаға айтқан сөзімен көпшілікті қызықтырып қойған еді.
«Егер екеуіміз бала жасасақ, ол кәріс болар еді», – деген еді Анатолий Цой.
Айта кетсек, Анатолий Цой мен Анна Седакованың көңіл қосқаны туралы 2 жылдан бері айтылып келеді. Алайда әншілердің өзі мұны тек қауесетке балап отыр.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр