"Бір айдан кейін табытпен оралды": Жамбыл облысында ұлттық ұлан сарбазы көз жұмды
Фото: Марқұмның жақындары жіберген
Жамбыл облысынан әскерге шақырылған мерзімді әскери қызметкер Данияр Амалбеков бір айға жетпей көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жамбыл облысы Тараз қаласында Қорғаныс істері жөніндегі департаментінен шақырылған 6506 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметкері Данияр Амалбеков 2026 жылғы 6 қаңтарда қайтыс болды.
Ұлттық ұланның ресми мәліметіне сәйкес, сарбаздың жүрегі кенеттен тоқтаған. Жүргізілген реанимациялық шараларға қарамастан, Данияр Шымкент қаласындағы қалалық ауруханалардың бірінде көз жұмды. Алдын ала диагноз – жедел лейкоз.
"Оқиға ішкі істер министрінің орынбасары ұлттық ұланының бас қолбасшысының жеке бақылауында", – деп хабарлады ұлттық ұлан.
Даниярдың жақындары редакцияға берген мәліметінде, әскерге шақырылған жас сарбаздың 2025 жылғы 11 желтоқсанда ауруханаға түскенін, ал бұл туралы отбасының 29 желтоқсанда ғана білгенін айтты. Туыстарының сөзінше, ауруханада әуелі "пневмония" деген диагноз қойылып, кейін емделгені айтылады. Ал қалған мәселелер асқазанмен байланысты делінген.
"Біздің сап-сау баламыз әскерге кетті, ал бір айдан кейін табытпен оралды", – деді марқұмның жақындары.
- "Ұлымды әскерге тірі жібердім, маған оны өлі күйінде қайтарды": Қазақстандық сарбаздың анасы әділдік талап етеді
- "Екі аяқсыз да қызмет ететіндер бар": Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысында көзінен айырылған әскери қызметкердің жағдайына пікір білдірді
Еске салайық, күні кеше ғана президент Қасым-Жомарт Тоқаев армиядағы сарбаздардың жарақат алуы мен қаза болуын өркениетті елге жат, теріс үрдіс деп атап өтті. “Түркістан” газетіне берген сұхбатында мемлекет басшысы әскерде әлімжеттікке, бұзақылыққа, рушылдық пен жершілдікке жол берілмейтінін айтып, бұл мәселені жеке бақылауында ұстайтынын және жағдайды түзеу үшін шұғыл шаралар қабылдауды тапсырғанын мәлімдеді.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді