"Бір айда - 7 мың теңге": Дастан Оразбеков базарда арба айдап, табыс тапқан
Өнерге келгенге дейін қара жұмыс істеген жұлдыздардың қатарында - Дастан Оразбеков те бар. "Орда" тобының серісі осыдан 24 жыл бұрын базарда арба айдап, табыс тапқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Таңшолпан" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Алғашқы табысы жайлы сөз қозғаған Дастан:
"1997 жылы базарда арба итеріп, бір айда 7 мың теңге таптым", - деді.
Бұдан өзге, Оразбеков өнердегі өзге әріптестері секілді шетелді бағындырғысы келетінін жеткізді.
"Ішімде шетелді бағындыру деген арман бар. Қазір біздің талантты жастарымыз Ресейде, Украинада шығып жатыр. Жасыма қарамастан, бағымды сынап көргім келеді.
- "Ақша таратып, нағашысының қорасын өртеді": Қарақат Әбілдина ұлының тентектігін айтып, елді күлдірді
Кейде ішімде: "Не істейсің? Жасың 40-қа келді", - деген ағалық ойлар болады. Бірақ 50-60-қа келген ағаларымыз да бар. Өзім сылтау тауып алған сияқтымын. Бірақ басқа өнер иелерін көріп, дайындығым әлі жетіспейді деп ойлаймын", - деді Оразбеков.
"7 миллиард теңгеге жуық": Алматы әкімін қамтамасыз етуге премьер-министрден көп қаржы жұмсалады
2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы құжатта бүкіл шығын жазылған
"1,5 келілік сәби жансақтау бөлімінде": Таиландқа демалуға барып, босанып қалған қазақстандық әйел елден көмек сұрады
Елена: "Қазақстанға қашан оралатынымыз белгісіз"