Бір апталық жөндеуге 95 миллион теңге: СҚО-да шенділер әкімдіктің еш зақымданбаған ғимаратын жөндеуге қыруар қаржы сұратқан

Солтүстік Қазақстан облысында шенділер су тасқынын сылтау етіп әкімдіктің еш зақымданбаған ғимаратын жөндеуге бюджеттен 156 миллион теңге сұратқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Деректерге сай, Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы әкімдігі ғимараттың жөндеуі үшін 156 миллион теңге бөлген. Ресми мәлімет бойынша, бұл төтенше жағдайдың салдарын жоюға байланысты жасалған.
Алайда Goszakupturaly деректеріне қарағанда, ғимаратта ешқандай төтенше жағдай болмаған. Су тасқыны кезінде ғимарат зақымданбаған. Ал видеодан қарағанда, ол шұғыл жөндеуді қажет ететіндей көрінбейді.
Шарт жеке кәсіпкермен жасалған. Бұл кәсіпкер мемлекеттік сатып алу порталында шарт жасалған күні тіркелген. Тіпті құрылыс жұмыстары үшін қажетті кәсіпкер немесе компания қандай қызмет түрімен айналысатынын ресми түрде көрсетуге арналған сандық кодтар жеке кәсіпкерге шартқа қол қойылғанға бір апта қалғанда қосылған. Ең таңқаларлығы – жұмыс актісі бір апта ішінде рәсімделген. Яғни, ғимаратты бір аптада жөндеуге үлгерген деген сөз.

Фото: Мемлекеттік сатып алу сайтынан скрин
Бұл жағдайға прокуратура да назар аударған. Қадағалау органы шартты бұзу туралы нұсқау берген және шарт шын мәнінде бір жақты тәртіппен тоқтатылған.
Алайда сол уақытқа дейін 156 миллион теңгенің 95 миллион теңгесі мердігерге төленіп үлгерген.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған