"Бір аптада тоқтатуы тиіс соғысты төрт жылға созды": Трамп Путиннің ядролық зымыран сынағын сынға алды
Фото: Getty Images
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейдің жаңа қашықтық шектеусіз "Буревестник" зымыранын сынағанына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Трамп Ресей жағалауында АҚШ-тың ядролық субмаринасы бар екенін еске салды.
"Олар біздің ең қуатты ядролық сүңгуір қайығымыздың өз жағалауларына жақын жүргенін біледі. Сол себепті бізге 8 мың мильге ұшатын зымыранның қажеті жоқ. Біз бір-бірімізбен ойын ойнап жатқан жоқпыз. АҚШ та зымыран сынақтарын өткізеді. Бірақ мен айтқандай, бізде сүңгуір қайықтар бар. Сондықтан алысқа ататын қарудың қажеті шамалы. Ал Путинге келсек, мен оның мұндай мәлімдемесін орынсыз деп санаймын. Ол бір аптада аяқталуы тиіс соғысты тоқтатуға назар аударуы керек еді. Ал қазір ол төртінші жылға созылып барады. Оған зымыран емес, соғысты тоқтату жайлы ойланғаны дұрыс", – деді АҚШ президенті.
Естеріңізге сала кетейік, ресейлік БАҚ хабарлағандай, "Буревестник" зымыраны 21 қазан күні сыналған. Ол 14 000 километр ұшып, шамамен 15 сағат әуеде болған. Зымыран қозғалтқышына орнатылған шағын ядролық реактор арқылы жұмыс істейді. Бұл оны бірнеше күн әуеде қалдыруға мүмкіндік береді деген болжам бар.
Республика күнінің маңызы не, мерекені не себепті қайтарды – Саясаттанушылар жауап берді