AAPL
146.92 $
0.06 %
TSLA
774.39 $
2.75 %
NDAQ
196.78 $
0.61 %
GOOGL
2844.3 $
0.71 %
FB
352.96 $
2.02 %
FRHC
64.53 $
0.06 %
AAPL
146.92 $
0.06 %
TSLA
774.39 $
2.75 %
NDAQ
196.78 $
0.61 %
GOOGL
2844.3 $
0.71 %
FB
352.96 $
2.02 %
FRHC
64.53 $
0.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір апта аюдың қоршауында қалып қойған ер адам ғажайыппен аман қалды

АҚШ-тың жағалау күзеті тікұшағының экипажы Аляскадағы орманда кездейсоқ жағдайда қолдарымен және ақ жалаумен көмек сұраған адамды тапты. Ол бір апта бойы аюдың қоршауында болыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жақын жерде басқа адамдар болмаған. Ер адам лашыққа тығылып, үйдің шатырына бас әріппен SOS (көмек) деп жазып, жараларын мүмкіндігінше байлаған.

Агрессивті жануар алдымен адамға шабуыл жасап, оны жақын маңдағы өзенге құлатып, тырнақтарымен кеудесі мен аяғын жарақаттаған. Ер адам аюдан қашып құтылып, Ном қаласынан шамамен 70 шақырым жерде қараусыз қалған шахтадағы лашыққа келген.

Бір сәтте аю лашықтың есігін сындырған, ал ер адам тосқауыл қоюға мәжбүр болды.

Ол аюдан қорқып ешқайда кете алмаған, бұған қоса, орманда ұялы байланыс жұмыс істемеген.

Ер адам қорыққанынан тіпті көз ілмеген. Ол тапаншасының барлық оқтарын атып тастаған, бірақ біреуі де аюға дәл тимеген.

Тікұшақтың дыбысын естіген қарт адам лашықтан шығып, көмекке шақыра бастаған. Тікұшақ қонған кезде ол шаршаған жерге сұлап түскен.

Жәбірленушінің аты-жөні хабарланбады. Ол шамамен 60 жаста, жергілікті тұрғын емес, турист екені және қазір өміріне қауіп төніп тұрмағаны белгілі.

"Бұған дейін шөл далада адамдарды кездестірмегенбіз, қатты таңғалдық", – деді жәбірленушіні бірінші болып байқаған тікұшақтың екінші ұшқышы, лейтенант Хаммак.

Оның айтуынша, бұл күтпеген жағдай болған. Ұшақ мүлде басқа мақсатпен орман үстінен ұшқан.

Аляска аң аулау және балық аулау департаменті аталған оқиғаны ерекше жағдай деп атады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр