"Былтыр жаздағы жағдайға ұқсап барады": Дәрігерлер Нұр-Сұлтандағы коронавирус бойынша ахуал туралы баяндады
Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов әкімдікте өткен брифингте елордадағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінгі таңда инфекциялық стационарларда 480 адам бар, олардың жүктелуі 64%-ды құрайды.
- "Былтырғы жаздағы жағдайдың қайталану қаупі жоғары": Тоқаев коронавирус туралы
- Нұр-Сұлтан қаласына арналған 2021 жылдың ораза кестесі
Оның айтуынша, елордалық дәрігерлер мен барлық медициналық қызметкерлер екі есе жүктемемен жұмыс істеп жатыр. Инфекциямен күреске 3 700-ден астам медицина қызметкері тартылған, сондай-ақ қажет болған жағдайда жұмысқа тартылатын кадрлық резерв бар.
"Коронавируспен күресу үшін 11 стационар, оның ішінде 10 инфекциялық, бір карантиндік стационар "Рамада Плаза" қонақ үйі базасында орналастырылды. Алдағы уақытта үш ұйымның базасында қосымша 300 инфекциялық төсек орнын ашамыз.
Аталған стационарлар басқа аурулары бар пациенттерге медициналық көмек көрсету үшін де қолданылады", - деді елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
Бұған дейін елордалық дәрігерлер коронавируспен ауыратын науқастардың саны күн санап өсуіне байланысты тұрғындарға жүгінген еді.
