Былтыр да Путиннің туған күнінде Ресейде болған: Тоқаев Үлкен Кремль сарайына барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу қаласындағы ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Үлкен Кремль сарайына барды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айта кетейік, 7 қазанда Путиннің туған күні болып, 72 жасқа толды. Тоқаев оны күні кеше туған күнімен телефон арқылы құттықтады.
“Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады”, – делінген хабарламада.
Ал өткен жылдың 7 қазанында президентіміз Ресей Федерациясына ресми сапармен барған еді.
Фото: Ақорда
ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысушылардың бірлескен фотосы да жарияланды.
Қазақстандықтарға биыл жазда қайда бару тиімді: Грузия арзандап, Мальдив аралдары қымбаттаған
Ольга Исаева демалыс маусымы бағаға қалай әсер ететінін де атап өтті
Екінші деңгейлі банктер тұрғын үй қарызын бере алады, референдум өтеді: Қазақстанда 1 наурыздан бастап не өзгереді
Наурыз айында қандай өзгерістер болатынын зерттеп көрдік