Білім министрлігі ұстаздарға гүл сыйлауға тыйым салды ма
Білім министрлігі ұстаздарға гүл сыйлауға болмайды деген қаулы шығармаған. Бұл туралы вице-министр Эльмира Суханбердиева мәлім етті.
Фото: РИА Новости
Ақпаратты Sputnik Қазақстан сайты таратты
“Бұл сұрақ қазір көп ата-ананы алаңдатып отыр екен. Өйткені, министрлікке қоңырау шалып, сұрақ қойған ата-аналар көп болды. Бірақ, 8 наурыз мерекесіне орай, біздің құрметті ұстаздарға гүл сыйламасын деген қаулы болған жоқ, болмайды да, болған да емес. Қазір біз тиісті органдарға хат жіберіп, олардың аймағында сондай қаулы болды ма деген мəселені тексеріп жатырмыз. Ал, Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі бүкіл жергілікті органдарға, аудандық, облыстық білім басқармfларына мұндай қаулы жолдаған жоқ. Бұны ресми түрде мəлімдегіміз келеді”, — деді Суханбердиева бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, əлеуметтік желіде 8-наурыз мерекесіне орай қазақстандық ұстаздарға енді сыйлық жасауға, соның ішінде гүл сыйлауға болмайды деген ақпарат тараған болатын. Яғни, мұғалімдерге тарту етілген кез келген сыйлық пара болып есептеледі-міс.
Оқи отырыңыз:
2 жасар қыз әжесіне әкесінің анасын қалай өлтіргенін айтып берген
Қазақстандық әйел 9-өлшемдегі омырауын кішірейте алмай қиналып жүр (фото)
ҰБТ тестіне Баян Есентаева жайлы сұрақтың неліктен енгізілгені түсіндірілді
Қызылорда облысында ұлы анасына бауырын беріп өміріне араша түсті