Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Білім министрлігі демалыс күндері сабақ оқуды ұсынды

Енгізілген карантиндік шектеулерге байланысты оқудан қалып қойған қазақстандық оқушылар каникулдық демалыс күндері сабақ оқып,  өз білімдерін шыңдай алады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Үлгерім деңгейі төмен оқушыларға басымдық бере отырып, білімді қалпына келтіру жөніндегі шараларды іске асыру жалғастырылады. Біз пандемиядан туындаған оқытудың кемшіліктерін түзейтін арнайы бағдарламаны іске асыру бойынша жұмысты жалғастырамыз", - деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында.

Отырыста жарияланған тұсаукесерге сәйкес, дер кезінде ала алмаған білімді орнатуға мыналар көмектеседі: 

- үлгерімі нашар оқушыларға назар аудару – жеке оқыту, шағын топтармен жұмыс істеу;

- оқу материалын қысу - оқу бағдарламасының икемділігі, негізгі тақырыптар мен пәндерге баса назар аудару;

- оқу уақытын ұлғайту – каникулдық мектептерді ұйымдастыру, сондай-ақ демалыс күндерінің мектебі;

- қашықтықтан оқытуды дамыту-қашықтықтан оқыту қағидаларын және мектептерге қойылатын талаптарды әзірлеу, цифрлық ресурстарды енгізу.

Талқылау