Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Білім министрі Мұхтар Тайжанмен пікірсайысқа түсуден бас тартты

Ерлан Сағадиевті халық алдында пікір таластыруға қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан шақырған болатын.

батл

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев қоғам қайраткері Мұхтар Тайжанмен ашық пікірталасқа түсуден бас тартты.

Мұхтар Тайжан Білім және ғылым министрлігі басшысымен үш тілділік саясаты және қазақ тарихы туралы халық алдында  ашық сөйлесіп, пікір таластыруға  шақырған болатын.

“Бұл менің қызметім деп санамаймын, маған қызық емес, сондықтан кездеспеймін”, — деп мәлімдеді Сағадиев ҚР Үкіметіндегі баспасөз мәслихатында.

Ал қоғамқайраткері Мұхтар Тайжан болса  министрден осындай жауап болатынын алдын ала болжағанын айтады.  Белгілі экономистің пікірінше министр осы әрекеті арқылы елді арандатуы ықтимал.

«Министр ашық сөзталастан бас тартатынын алдын ала білдім. Оның бастартуы өз реформаларының дұрыстығына күмән келтірген. Бірақ министрді өз реформаларын талқылау қызықтырмайды деп еш ойламаппын. Қалай қызық емес? Мен ол кісіні кофе ішуге шақырғаным жоқ. Бұл тақырып бізге қызық.

Себебі  бұл реформалар арқылы біздің балаларымызға тәжірибе жүргізіліп жатыр. Өткен жылғы  қарсылық акциялары жер мәселелері бойынша реформаларды ашық талқылауға салмаудың кесірінен болып еді. Енді білім министрлігі өз реформаларын ашық талқыға салғысы келмейді»,- деп ашынды Мұхтар Тайжан.

Тағы да оқыңыз:

Колледжде қалай тегін оқуға болады?

Әділбек Жақсыбеков туған күнін таңертеңгілік жүгіруден бастады

Ақтөбелік кәсіпкер туған ауылына 8 млн теңгеге футбол алаңын салып берді

Талқылау