Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Билікке жаққан әнші": Танымал журналист Димаш Құдайбергенді сынады

Фото: Жеке парақшадан алынды

Танымал журналист Гүлнәр Бажкенова өзінің жеке парақшасында әнші Димаштың шығармашылығына сын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

БАҚ өкілі өнер иесін билікке жаққан әнші деп бағалады. 

"Димаш қазір 31-де. Осыған орай Астанада "Міне, біз мәдениет пен өнер қайраткерлерін де құрметтейміз!" деген сыңайда тұлғаға табынушылық басталып кеткендей. Димаш билікке жаққан әнші және ол орынды. Ол талантты, кішіпейіл. Сонымен қатар халықтың тұтас бөлігі оны жақсы көреді, оның концерттерінде стадиондар лық толы. Жастар үшін тамаша үлгілі адам. Алайда уақыт өтіп барады. 31 жаста, үміт күтер уақыты өтті, Димашқа енді болашаққа стратегия құру жағын ойланатын кез келді", – деп жазды ол. 


  • “Димаштың әніне жылап тұрып қосылдым”: Мега жұлдызбен ән айтқан тігінші қыз ел ықыласына бөленді

  • "Айтқым келмейді": Димаш Құдайберген жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді


Сондай-ақ журналист ресейлік сазгер Игорь Крутоймен де байланысы не себепті үзілгенін де тілге тиек етті. 

"Қазақстандықтар Димашты әлемдік жұлдыз деп сүйіспеншілікпен атайды. Бірақ түпкі мақсат ондай емес екенін оның продюсерлері де біледі. Өз Отанында үлкен әртіс болып қалу үшін бұдан әрі не істеу керегін ойланатын уақыт келді. Димаштың өз репертуары ешқашан болған емес. Барлығы – кавер нұсқалар. Композитор Игорь Крутоймен ынтымақтастық дұрыс болды ма, жоқ па, білмеймін, әйтеуір, ұзаққа бармай аяқталды. Бірде-бір альбом немесе сингл шыққан жоқ. Димаштың оқиғасы ұзаққа созылған экспозицияға, шексіз уәдеге ұқсайды. Барлығы бір нәрсені күтеді. Бірақ олар күткен дүние келетін емес. Енді болмайды да, – деп сынады БАҚ өкілі. 

Желі қолданушылардың пікірі екіге бөлінді. Бірі әншінің шығармашылығын талдап берсе, екінші тарап Димаштың тек бұрынғы әндерді ғана орындайтынын жасырмады. 

“Димаш елден 5 жылға кетуі керек”, “Құдай үшін, оған тиіспеңдер. Ол өзіне не керек екенін біледі”, “Димаш әртіс емес, тек керемет вокалды орындаушы ғана”, “Ауыз менікі деп жазғаннан құдай сақтасын”, “Оған туған жеріне қайтып, ауылдық клубта әнші болуы керек”, “Димаш Бүкілодақтық жұлдыз деңгейіндегі әнші емес”, – деп жазды көпшілік. 

Еске салайық, "Балқадиша" әнімен танылған палуан бала Димаштың концертінде өнер көрсетті.

Гүлдана Нұрлыханова
Сейсенбі, 27 Мамыр, 2025 12:33
Талқылау