Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Биыл Қазақстанда такси қызметі 8,2% өсті

Елімізде биыл такси қызметінің құны 8,2% өскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

Numbeo сайтының мәліметінше, такси бағасы әсіресе Алматыда қатты өскен. Яғни мегаполистегі жолаушылар таксидің әр жүріп өткен шақырымына 320 теңге төлейді екен. Астанада сәл арзандау. Бір шақырым жолдың құны – 285 теңге. Сарапшылар елде такси қызметінің 100 шақырымдық ақысы шамамен 20 мың теңгеге жуықтайды дейді.



Қазақстандық такси жүргізушілері табысы жағынан ТМД елдері арасында алғашқы үштікке енген. Қоғамдық көлік жолақысына қарағанда едәуір қымбат болса да, елімізде соңғы жылдары такси қызметіне сұраныс артқан. Мәселен, 2020 жылы такси қызметін тұтынушылар саны 1 жарым миллиондай болса, екі жыл ішінде жолаушылардың саны 3 миллионнан асқан.

Талқылау