Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирдің ширек финалына жолдама алды
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирдің ширек финалына шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Әлемнің 337-ракеткасы Жібек Құламбаева Нави-Мумбай қаласында (Үндістан) өтіп жатқан ITF W50 турнирінің ширек финалына шықты. Қазақстандық теннисші 1/8 финалда әлемдік рейтингте 991-орында тұрған жапониялық Анри Нагатамен кездесті. Нәтижесінде 6:4, 7:5 есебімен Жібек Құламбаева жеңіске жетті.
Айта кетейік, Жібек Құламбаева жартылай финалға шығу үшін әлемнің 401-ракеткасы индонезиялық Приска Маделин Нугрохомен кездеседі.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"
"Күніне 6 миллион 406 мың теңге табады": ТОП-10 қазақстандық шенеуніктердің бай әйелдері
Ерболат Досаевтың жұбайы Гүлнар Досаева Қазақстандағы люкс санатындағы компаниясының тең иесі

