Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте үш балалы отбасыда үшем дүниеге келді

Шымкенттік келіншек егізден кейін бір үшемді дүниеге әкелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан кадр

Белгілі болғандай, ерлі-зайыптының үш баласы бар, енді отбасыларына тағы үш бала қосылды. Балалардың әкесі жанұяларында егіз бар екенін, үшемнің дүниеге келуі Алланың сыйы деп бағалағанын айтты. Жаңа туған нәрестелерді перзентханадан әдет бойынша ән және шашумен шығарып алды. 



"Үшем болатынын білгенде қатты таңғалдым. Әйелім үшін уайымдадым. Ал қазір бақыттымын. Барлық қазақстандыққа көп балалы болуды тілеймін! Біздің бақытымызға келіп, қуанып жатқан барша жандарға рақмет!" – деді үшемнің әкесі Равшанбек Давлатов.

Жыл басынан бері Шымкентте үш отбасыда үшем дүниеге келді. Дәрігерлердің айтуынша, бұл босанулар мерзімінен бұрын болған. Сондықтан салмағы бір келіден сәл асатын сәбилерді бір айға жуық аурухана қабырғасында емдеуге тура келген. Сәбилерге Мұса, Мүсілім және Атамбай есімдері қойылған.

Айта кетейік, бұған дейін Жетісу облысының тұрғыны үшем дүниеге әкеліп, көп балалы ана атанғаны туралы жазған едік. 

Талқылау