Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Биыл Қазақстанда бірқатар автожолдар ақылы болады

Фото: freepik.com

Биыл Қазақстанда қай автожолдар ақылы болатыны айтылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

“ҚазАвтоЖол” ҰК” АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашевтің айтуынша, биыл елімізде тағы алты автожол учаскесінде ақылы жүйе енгізу жоспарланып отыр.

Қазір елімізде жалпы ұзындығы 4,9 мың шақырым болатын 26 ақылы жол учаскесі жұмыс істеп тұр.


"79 миллиард теңге": Қазақстандағы ақылы жолдан түсетін қаражат қайда кетеді


Қазақстанда ақылы жолдарда жылдамдықты асырған көліктердің деректері тіркеледі


2026 жылы ақылы жол жүйесі келесі бағыттарға енгізіледі:

  • Қарағанды-Балқаш-Бурылбайтал – 554,6 км; 
  • Бурылбайтал-Құрты – 226,4 км;
  • Ақтөбе-Қандыағаш-Мақат – 89 км; 
  • Талдықорған-Өскемен – 773 км;
  • Атырау-Астрахань – 277 км; 
  • Мерке-Шу-Бурылбайтал – 78 км.

Бұған дейін Көлік министрлігі республикалық маңызы бар кейбір автомобиль жолдарын ақылы негізде пайдалану туралы бұйрық жобаларын жариялаған еді. Құжаттарға сәйкес, Балқаш – Бурылбайтал бағытындағы 645 шақырымдық жол учаскесінде де ақы алу жоспарланған. Сонымен қатар жеңіл автокөлік жүргізушілері үшін айлық және жылдық абонемент рәсімдеу мүмкіндігі қарастырылмақ.

Айта кетейік, бұған дейін Көлік министрлігі ақылы тасжолдардағы төлем жасау тәртібіне қатысты ережелерді жаңартуға кіріскені туралы жазған едік. 

Нұрила Жұмаділлә
Сейсенбі, 03 Наурыз, 2026 11:28