Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Биыл ауқымды су тасқыны болуы мүмкін - ТЖМ 

Биыл қардың көп болуына және топырақты қабатының қатты тоңазуына байланысты ауқымды су тасқыны болуы мүмкін. Бұл туралы үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министр оңтүстік аймақтарда белсенді қар еру басталуына санаулы күн қалғанын айтты. Қазір барлық күш-жігер алдын алу шаралары мен су тасқынына дайындыққа бағытталған.

“Биылғы екі айда 15,1 шақырым уақытша бөген салынып, 24 шақырымға жуығы жөнделді. 16 шақырымнан астам уақытша бөген, сондай-ақ елді мекендердің айналасында 41 шақырым білік тұрғызылды. 5 мың шақырымға жуық  каналдар  мен арықтар, автомобильдер және темір жолдар астында 8,5 мыңнан астам су өткізу құрылыстары тазартылды”, - деді Юрий Ильин. 

Министрдің сөзінше, халықпен 2 мыңнан астам жиын өткізілді, 55 мыңнан астам ұсыным таратылды.

“Биылғы жылы су тасқыны қардың көп болуына және топырақты қабатының қатты тоңазуына байланысты ауқымды болатын түрі бар. Өңірлерде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық, қалалық және аудандық комиссиялардың 114, оның ішінде 31 жоспардан тыс отырысы өткізілді”, - деді Юрий Ильин. 

Талқылау