Қазақстандықтар биыл бір демалыс күнінен қағылды

Қазақстандықтар Конституция күні 15 наурыз болып бекітілгендіктен 30 тамыз демалмайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мәжіліс кулуарында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегайға “Қазақстандықтарға 30 тамыз күні қосымша демалыс беріле ме?” деген сауал қойылды.
“Енді берілмейді. Конституция қабылданып, күшіне енген соң 15 наурыз ресми түрде Конституция күні болып белгіленеді”, – деп жауап берді вице-министр.
Жаңа Конституция 1 шілдеден бастап күшіне енеді: Тоқаев Жарлыққа қол қойды
Биыл қазақстандықтар 30 тамызда (жексенбі – мереке) және 31 тамызда (дүйсенбі) демалуы керек еді, өйткені мереке демалыс күніне түсіп тұр. Конституция күні ресми түрде 15 наурызға ауыстырылатындықтан қазақстандықтар бұл күні демалмайды.
15 наурыз күні Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдауға қатысты референдум өтті. Мемлекет басшысы да Оқушылар сарайында орналасқан № 51 референдум учаскесінде дауыс берді. Сондай-ақ бүгін Конституция жобасын мақұлдау бойынша республикалық референдумның Exit poll қорытындысы жарияланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев 15 наурыздың Конституция күні болып белгіленетінін және жазда Парламент сайлауы өтетінін айтты.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған