Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбекстан бокс құрамасы Бибосыновтың жеңісіне апелляциялық шағым түсірді

Бокстан Өзбекстан ұлттық құрамасының жаттықтырушысы Рахматжон Рузиахунов 2021 жылғы әлем чемпионатында жетекшілігіндегі спортшысы Хасанбой Дусматовтың қазақстандық Сәкен Бибосыновтан жеңіліске ұшырағанына пікір білдіріп, апелляциялық шағым түсіргенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

бибосынов хасанбой

Қарсыластар турнирдің бірінші айналымында 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде кездесіп, төрешілер бірауыздан жеңісті Бибосыновқа берген болатын. Міне, осыдан кейін жанжал орын ала бастады.

"Хасанбойдың кәсіпқой бокспен айналысқанына екі жыл болды. Сондықтан оның соққы санына қарағанда, күші артқан. Нысанаға дәл тиген ауыр соққыларды ескерсек, ол қазақстандық қарсыласын жеңді деуге болады. Жекпе-жектен кейін біз раундтарды қарап шығып, өз есебімізді жүргіздік. Олардың барлығынан Хасанбойдың көп соққы жұмсағанын байқадық. Біз жекпе-жекке эмоционалды емес, бейтарап түрде қарадық. Содан кейін апелляциялық шағым түсірдік. Ұрысты көрген төрешілер боксшымыздың екінші раундта жеңіске жеткенін хабарлады. Егер жекпе-жек кезінде дәл осы нәтиже айтылғанда, үшінші раундта Дусматов әлдеқайда сабырлы әрекет ететін еді. Соның салдарынан соңғы раундта боксшымыз қорқынышқа бой алдырып, тәуекелге барды. Қазақстан құрамасының бапкерлері тәжірибелі, сол себепті олардың өз боксшыларына үшінші раундта абай болуды ескерткендері анық", - деді Өзбекстан құрамасының жаттықтырушысы.

Өзбекстан құрамасының осы әлем чемпионатында бес боксшысының жарыстан шығып қалғанын айта кетейік.



 

Талқылау