Бибісара Асаубаеваға ресми түрде гроссмейстер атағы берілді
Фото: Chess.com
Жақында Батуми қаласында өткен Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) Президенттік кеңесінің отырысында қазақстандық дарынды шахматшы Бибісара Асаубаеваға ресми түрде гроссмейстер атағы берілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Осылайша, Бибісара бұл мәртебеге ие болған Қазақстандағы екінші әйел, ал шахмат тарихында гроссмейстер атанған 43-ші әйел атанды.
Бұл жетістік Асаубаеваның 2025 жылы Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен Sharjah Masters супертурниріндегі тамаша ойынының нәтижесінде мүмкін болды. Турнир барысында ол гроссмейстер нормасының үшінші, шешуші көрсеткішін орындап, сондай-ақ қажетті 2500 Elo рейтинг шегінен асып түсті.
Еске салайық, Бибісара Асаубаева 2021 және 2022 жылдары әйелдер арасында блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы, рапид бойынша әлем чемпионатының күміс жүлдегері және Азия чемпионы атанған болатын.
Қазақстан шахмат федерациясы спортшыны тарихи жетістігімен құттықтап, гроссмейстер атағы FIDE-нің алдағы отырысында ресми түрде бекітілетінін хабарлады.

Жапониядағы қазақ дәстүрі: Сырға салудың видеосы желідегілерді таңқалдырды
