Бибісара Асаубаева турнирде жеткен жеңісі үшін 74 миллион теңге сыйақы алды
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асауба “Аэрофлот Опен 2024” шахмат фестивалінде бірінші орын алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жарысқа FIDE рейтингінде 2 мың 300 ұпайдан жоғары шахматшылар қатысқан. Сонымен қатар турнирге 15 жасқа дейінгі қатысушылар да бақ сынағаны айтылады.
“Асаубаевамен бірге фестивальде еліміздің намысын Қазбек Нөгербек (18 орын), Даниал Сапенов (21), Рамазан Жалмаханов (38), Әлішер Сүлейменов (65) қорғады. Турнирге барлығы 500-ден астам адам қатысты”, – делінген Қазақстан шахмат федерациясының мәлімдемесінде.
Негізгі байқаудың жүлде қоры 15 миллион рубльді (шамамен 74 миллион) құраған, оның ішінде жеңімпаз 3 миллионды (15 миллионға жуық) алған. Балалар турнирінің бұрын-соңды болмаған жүлде қоры 1 миллион рубль (5 миллион теңге шамасында) болғаны атап өтіледі.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр

