Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төлегенова: Барған жерде суретке түсейік дейтіндерді ұрысып тастаймын

Бибігүл Төлегенова өзімен бірге жиі суретке түсетін жастардың әрекетін түсіне алмайтынын жеткізді. Әнші суреттер уақыт өте келе көрінген жерде қалып қояды деп қорқады екен.

592d59bb8df5d3e5260a87b0bf0c283daf323b50a8009

Фото: Qamshy.kz

Бұл туралы Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды.

Жуырда Салтанат Бақаева қазақтың бұлбұлының денсаулығына зиян тигізгенін айтып, кешірім сұраған-ды. Ол Бибігүл Төлегеновамен суретке түспек болған екен. Сол сәтте телефонның жарығы қосылып кетіп, әншінің көзін ауыртқан. Бибігүл Төлегенованың өзі суретке түскенді мүлдем ұнатпайтынын айтып жатыр. Тіпті, ұрысып тастайтын кездері жиі кездесетін көрінеді.

«Біз бұрын үлкен кісілермен суретке түсуге ұялатынбыз. Қазіргілер құшақтап тұрып, жармасып, артыңнан қалмайды. Суретке түсе беруден шаршаймын. Барлығы жабысып, жармасып келіп, суретке түсіп жатады. Сондайда «Мен қонаққа келдім бе? Суретке түсуге келдім бе?» деп ұрысып тастаймын. Әрине, халық мені көргісі келеді, бірге суретке түскісі келеді. Жалпы осы суреттің не үшін қажет екенін түсінбеймін. Мысалы, маған ол тарих үшін қажет. Ал оларға не үшін керек екен? Түскен сәтте қатты қуанып, уақыт өте келе әлгі сурет көрінген жерде қалады. Суретке түсу деген нәрсе ойыншық болып кеткен сияқты. Кейде шаршатады, кейде ашуландырады», – дейді әнші.


Жіберіп алмаңыз:

Артур Төлепов: Ешкім Димаштың қанын сорып, қытайдың қанын құйып қоя алмайды

KeshYou әншісі түсірілім кезінде көлікті қатты айдап, оның иесінің зәресін ұшырды

Парвиз Назаров тойда ән салғаны үшін 5 мың АҚШ долларын сұрайды

Актер Санжар Мадиев Мақсат Үсеновке сес көрсетті

Талқылау