Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Биатлоннан Қазақстан құрамасы допинг қолданған деп күдіктелуде

Биатлоннан Қазақстанның құрамасы тінту жүргізілгеніне қарамастан австриялық Хохфильценде өнер көрсетеді.

1548168

Фото: Александр Вильф

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Жақын күндері биатлоннан Қазақстан құрамасының қонақүй бөлмесіне тінту жүргізілген еді.

Австрия полицейлері 8 ақпанда чемпионат алдында орналасқан биатлоншылардың бөлмесін тінтіді.

«Биатлоннан қазақстандық құрамадан тыйым салынған медициналық дәрілер табылды. Биатлоншылардың халықаралық кеңес полицейлермен бірлесіп жұмыс істейді», – деп мәлімдеді полиция өкілі биатлоннан Әлем чемпионатының баспасөз орталығында.

Қазіргі уақытта емдік дәрілер, соның ішінде тыйым салынған дәрілер Австрияның допингке қарсы Ұлттық агенттігіне жіберілді.

Тінтуді 30 полицей жүргізді. Спортшылардан телефондары да тәркіленді.

Хохфильценнен Кубок алдында тінту жүргізілгеніне қарамастан Қазақстан құрамасы чемпионатқа қатысатынын хабарлады. Әлем чемпионаты Хохфильценде 19 ақпан күні аяқталады.

Талқылау