Безбүйрек әке 8 жыл бойы қызын мал қорада байлауда ұстаған (фото, видео)
Әзербайжанда әкесі қызын 8 жыл бойы мал қорада ұстаған.
Әкесінің айтуынша, қызының әрекеті шектен шығып кеткендіктен, ол осындай қадамға барыпты, деп жазады 1news.az.
“Қазір сәл де болса басылған. Есік, терезені сындырып, қолына тиген заттың бәрін лақтыратын”, – дейді әкесі.
Алайда ол қыздың неліктен екі аяғынан айырылып қалғанына қатысты жауап бере алмаған. Оның жақындары болса бір орында отыра бергендіктен буындары қатып қалған шығар дейді.
Ара-тұра қолы тигенде қызын аулаға шығарып серуендетеді екен. Бірақ, қораны жылыту үшін пеш орнату керек деге ұсынысты әкесі қолдамаған. Ол қызы өрт шығарып жібереді деп қауіптенеді екен. Әйтседе, әкесі қызының бастапқыда ел қатарлы мектепке барып, жақсы оқығанын жасырмады.
Ал жергілікті билік қызды емдеу туралы ұсыныс айтып бірнеше мәрте келсе де, әкесі еш келісім бермепті. Ал кей дерек көздері шешелері қайтыс болған соң қораға екі қыздың қамалып, оның біреуінің жүрегі жарылып қайтыс болғанын айтады. Әйелдер құқығын қорғаушылар болса, мәселенің мән-жайы әлі күнге неліктен жабық болғанына таңқалатындарын айтты.
Жіберіп алмаңыз:
Банан қабығын көп жағдайда пайдаға жаратуға болады (фото)
Қазақстандық оқушылар жүргізуші куәлігін аттестатпен бірге алатын болады
Модель қыз көшеде кездескен бөтен 100 еркектің жыныс мүшесін ұстап шықты (видео)