“Беймәлім затты шектен тыс ішіп қойған”: Алматыда есінен танып қалған оқушының оқиғасын білім басқармасы түсіндірді
Алматының білім басқармасы мектепте есінен танып қалған оқушы қызға қатысты ақпаратқа пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Әлеуметтік желіде Алматы мектептерінің бірінің оқушысы белгісіз әлдебір қоспаның артық мөлшерінен уланып қалып, есін жоғалтты деген ақпарат тарады.
Алматы қалалық білім басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ведомствоның мәліметінше, мектеп оқушысы әлсіздіктен есінен танып қалған.
"Жасөспірімге келген жедел жәрдем барлық қажет көмекті көрсетті", – деп хабарлады білім басқармасының өкілдері.
Еске салсақ, Шымкентте жасөспірім қыз сыныптастарымен жанжалдасқандықтан, мектептің үшінші қабатынан секіріп кеткен.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"