Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бейбіт жолмен шешілді": “RAMS QAZAQSTAN” мен блогер Қамаладин ортақ келісімге келді

“RAMS QAZAQSTAN” құрылыс компаниясы мен белгілі блогер Абылайхан Камаладин сот дауын шешіп, ортақ бітімгершілік келісімге келді.

Блогер бұл жаңалықты өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бірінші болып жариялады. 

"Достар, "NEF UP TOWN” ТК мен “RAMS QAZAQSTAN” компаниясы бойынша мәселенің бейбіт жолмен шешілгенін қуана хабарлаймын.
Біз қыркүйек айынан бастап келіссөздерді белсенді түрде жүргізіп, барлық мәселелерді егжей-тегжейлі зерттедік. Енді қазіргі жағдайды түсіндіре кетейін. Өздеріңіз білетіндей, 2020 жылы мен NEF пен RAMS QAZAQSTAN бірлескен кәсіпорнының жобасынан Uptown тұрғын үй кешенінен жылжымайтын мүлік сатып алдым. Онда RAMS QAZAQSTAN құрылыс компаниясы бас мердігер болды. Осы жылдың басында NEF даму компаниясының жобаның басты тапсырыс берушісі ретінде "NEF UP TOWN” ТК пайдалануға беруді аяқтай алмайтыны белгілі болды. Ол клиенттері алдындағы өз міндеттерін орындай алмады. Мәселеге үңіле отырып, біз тап болған негізгі қиындық "NEF" компаниясының белгілі бір қателіктеріне байланысты екенін түсіндім. Өкінішке орай, бұл қателіктің Rams QAZAQSTAN компаниясы мен барлық үлескерлерге, соның ішінде мен де бармын, бәрімізге әсері тиді.
RAMS QAZAQSTAN компаниясы мен оның құрылтайшылары, қалыптасқан жағдайларға қарамастан, жағдайды түзету үшін жауапкершілікті өз мойнына алды. Қазіргі уақытта “NEF UP TOWN” тұрғын үй кешені басқа құрылыс компаниясының қарамағына өтеді. "RAMS QAZAQSTAN" компаниясының күш-жігерінің арқасында жақын арада жақсы жаңалықтар күтеміз",- деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, тараптар арасындағы келіспеушілік шілде-тамыз айларында басталған еді. Бұл кезде Қамаладин өзінің желідегі парақшасында бірнеше рет құрылыс жұмыстарының сапасы мен компанияның объектілерді мерзімінде тапсырмайтынына наразылығын білдірген. Яғни мәселе "NEF Uptown" ТК жобасы туралы болды. Қамаладин өзінің бұл тұрғын үй кешенінен жылжымайтын мүлікті 2020 жылы сатып алғанын жеткізді.

Содан кейін "RAMS QAZAQSTAN" компаниясы өз кезегінде сынның шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеп, моральдық зиянды өтеуді және дұрыс емес ақпаратты теріске шығаруды талап етті. Іскерлік беделін қорғау үшін талап арызбен сотқа жүгінді.

“RAMS QAZAQSTAN” компаниясының баспасөз қызметі де екі тарап арасындағы даудың шешілгенін растады.

"Басшылықпен жеке кездесу кезінде тараптар Қамаладин мырзаның бастапқыда “RAMS QAZAQSTAN” компаниясына қатысы бар адамдармен сөйлесіп, келіссөз жасағаны туралы қате түсінігі барын білді. Әңгімелесу барысында екі тарап та ортақ келісімге қол жеткізіп, дауды бейбіт жолмен шешуге бітімге келді. Бұл мәселені шешудің маңызды қадамы болды", – деді “RAMS QAZAQSTAN” компаниясы.

RAMS QAZAQSTAN – Қазақстанның құрылыс нарығындағы көшбасшылардың бірі. 1997 жылы құрылғаннан бері компания Алматыда 60-тан астам жобаны жүзеге асырып, 20 000-нан астам пәтер мен 4 000 000 м2 тұрғын үй мен коммерциялық жылжымайтын мүлікті пайдалануға берді. Құрылыс компаниясы "комфорт", "бизнес" және "премиум" класстарындағы үйлерді ұсынады. Компания жобалары Алматы қаласының архитектурасын өзгертіп, болашақ ұрпақ үшін қолайлы жағдай жасайды.

Талқылау