Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бейбіт Қорғаннан “Жаулап алды махаббат” әнін тартып алдық - әнші Мұрат Қожа

Мұрат Қожа Бейбіт Қорғаннан әнді тартып алдыФото: instagram.com/beibitkorgan / instagram.com/murat_khozha

Танымал әнші Мұрат Қожа “Qazaqstan” ұлттық телеарнасының “Бәрекелді” бағдарламасына берген сұхбатында “Жаулап алды махаббат” әнінің шығу тарихын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әнші алғашында жүргізушінің “әнді Бейбіт Қорғанның өзі неге айтпады?” деп сұрағанына қалжыңмен жауап беріп, артынан шын мәнінде қалай болғанын баяндады.

“Бейбіт Қорғаннан “Жаулап алды махаббат” әнін тартып алдық. Бейбіт бұл әнді студент кезде, жатақхананың дәлізінде гитарамен жиі орындайтын. Біз де курстас болған соң қасына жиналып, тыңдап жүретінбіз. Кейін продюсерлер Нұрлан екеумізге бізге рэп айтуды ұсынды. Сол сәтте Бейбіттің әні есімізге түсті. Продюсерлер бірден ұнатып, “осы әнді аламыз” деп шешті. Осылайша Бейбітпен келісімге келіп, әнді ресми түрде алдық”, - дейді Мұрат Қожа.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрлан мен Мұрат тобының солисі Мұрат Қожа алғашқы мінген көлігіне қатысты естелігін бөліскені хабарланған еді.

Балнұр Жұмаділла
Сенбі, 06 Желтоқсан, 2025 18:06