Бейбіт Қорған көзі тірі кезінде анасын ренжіткеніне өкініп жүр (видео)
Бейбіт Қорған марқұм болған анасын еске алды. Бір сөзінде әнші көзі тірі кезінде анасын ренжіткеніне өкініп жүргенін айтқан еді.
«Қазақстан» арнасының «Әйел бақыты» бағдаламасына қатысқан Бейбіт Қорған анасынан айырылып қалғаннан кейін ауыр күй кешкенін жеткізді. Оның сөздері тыңдармандарының жүрегін елжіретті.
«Анадан артық кім бар бұл өмірде? Сырыңды, жырыңды айтатын… Ал енді анамыз өмірден кетіп қалғаннан кейін кімге не айтарыңды білмей қаласың. Досың да бауырың да болып жүрген адам сол. Көп нәрсе өзгеріп, тез есейіп кеткен сияқты боласың. Ауыртпашылықтың бәрі өзіңе түседі», – деді әнші.
Бейбі Қорған анасы қайтыс болғаннан кейін бауырларымен ара-қатынасының бұзылып кеткенін алға тартты.
«Анаңның орнына бауырларыңа қарай бастайсың. Оларға анамыз сияқты жай айта алмайсың. Қатты айтып, қатты ұрсып жібересің. «Мынау не жүріс?» деп қатты айтып қаласың. Одан түсініспеушілік пайда болып, араласпай кететіндей жағдайға жетіп жатады. Саған жұлдыз сияқты қарайды. Бауырларың солай қараған соң басқаларынан не күтесің?» – деп түйіндеді әнші.
Жіберіп алмаңыз:
Ақбота Сейтмағамбет «үш балалы отбасын бұзды» дегендерге жауап берді
Шашын тақырлап алып тастаған Айқын тыңдармандарын шошытты
Мақпал Жүнісоваға пародия жасаған 10 жасар ер бала желіні жарды (видео)
Мүгедек балаларға «қисық және ақи» деп тіл тигізген Сати Казанова күйзеліске түскен (видео)