Қазақстанда хиджабқа тыйым салынған ба? – Ішкі істер министрлігі жауап берді

Фото: Ru.freepik.com
Полиция бетті толықтай жауып тұратын киімге тыйым салу туралы заңның негізгі қағидаларын түсіндіріп жүр. Қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға және қоғамдық орындарда тұлғаны тану үшін 12 шілдеден бастап заңнамалық өзгерістер күшіне енді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бет-әлпетті толық жауып, оны визуалды түрде тануға, соның ішінде бейнебақылау камералары арқылы анықтауға кедергі келтіретін киімдерді кию заң бұзушылыққа жатады. Тыйым салынған киімдер:
- Балаклава;
- Медициналық емес маскалар;
- Никаб және бет-әлпетті тұтас жасырын ұстайтын өзге де киім түрлері.
Алайда бұл тыйым келесі жағдайларда қолданылмайды:
- Ауа райы жағдайына байланысты;
- Медициналық көрсеткіштер бойынша;
- Қызметтік немесе еңбек міндеттерін орындау кезінде;
- Азаматтық қорғау қажеттілігіне орай;
- Спорттық, мәдени немесе бұқаралық іс-шараларға қатысу барысында.
Айта кету керек, бет-әлпетті жасырмайтын діни киімдер, атап айтқанда, хиджаб, шейла, химар, аль-амира және басқа да ұқсас элементтер тыйым салынатын киімдерге жатпайды.
Полиция бұл шаралардың азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, соның ішінде діни сенім бостандығын бұзбай, тек қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған
1100 адамға кешкі ас қарастырылған: қымбат салаттар, әртүрлі ассорти, стейктер, жемістер мен десерттер қойылған
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар