Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бетперде таққан жігіт Африкада мешіт пен мектеп салып, құдық қазып берді (видео)

Қазақстанда мұқтаж адамдарға көмек көрсетіп, қайырымдылықпен айналысып жүрген бетперделі жігіт Афикада мешіт пен мектеп салып, құдық қазды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Видеодан скрин

Бұл ақпарат Instgram-дағы Chelovekvmaske аккаунтында жарияланды

Аты-жөнін атамайтын, жүзін көрсетпейтін бетперделі жігіттің бүгінге дейін көптеген қазақстандықтарға қол ұшын созғаны белгілі. Енді ол Африка тұрғындарына да көмектесуге шешім қабылдапты.

"Алла Тағаланың қалауымен біз Сомалиде, Байдоада, BARWAAQO IDP шатырлы лагерінде мектеп, мешіт және құдық салдық. Umitorganization ұйымына ұйымдастыру үшін рахмет", - деп жазды ол желідегі парақшасында.

Ал желі қолданушылары оған қолдау білдіріп, бұл ісін жоғары бағалап жатыр.

"Сіз сияқты біздің Үкіметте кем дегенде бір адам пайда болса ғой", "Көзіме жас келіп, денем тітіркеніп кетті", "Алла саған денсаулық берсін, әлемде бейбітшілік болсын!", "Қайырымдылық ұлт таңдамайды"," Әрбір қазаққа бұйырсын осындай амал жасау!", "Тамаша! Абыройың асқақтай берсін!" деп игі тілектерін жарыса жазуда.

 

Талқылау