Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Бетінен кітаппен ұрған”: Ақтөбеде сержант сарбазды есту қабілетінен айырғаны үшін 1 жылға сотталды

Ақтөбеде сержант мерзімді әскери қызметкерді есту қабілетінен айырғаны үшін 1 жылға сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Gov.kz

Оқиға өткен жазда Ақтөбе облысындағы әскери бөлімдердің бірінде болған. Сержант сарбаздың насыбай шайнап жатқанын байқап, келесі күні оны "тәрбиелеуге" шешім қабылдаған. Ол сарбазды әртүрлі дене жаттығуларын орындауға мәжбүрлеп, кейін куәгерлердің көзінше сарбаздың бетінен кітаппен ұрған.  


2025 жылы әскери дайындыққа 3 мың қазақстандық шақырылады


Соққының қатты болғаны соншалық, жәбірленуші есту қабілетінен айырылған. Сот-медициналық сараптама нәтижесінде оның сол жақ құлақ қалқаны жыртылғаны, бұл жарақаттың есту нервінің жедел невритіне және есту қабілетінің толық жоғалуына әкелгені анықталды.  

Осы жағдайға байланысты Ақтөбе гарнизондық соты 22 жастағы сержантты сарбаздың денсаулығына орташа деңгейде зиян келтіргені үшін 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті. Сонымен қатар, сотталған азамат жәбірленушіге 2 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеуге міндеттелді.

Еске салсақ, осыған дейін Жетісу облысы Сарыөзектегі әскери бөлімде жас сарбаз көз жұмған еді.

Талқылау