Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бетің қисаяды деді": Мереке Қалбаева денсаулығының сыр бергенін айтты

мереке блогерФото: Жеке парақшадан алынды

Танымал блогер Мереке Қалбаева денсаулығына қатысты жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі жолдасымен түскен барлық фотоларын өшіріп тастаған. 

“Маған демалыс керек екен. Білдіртпей асқына берген. Жақында бетің қисаяды деді. Енді демалысқа кетемін. Оған дейін барлық шаруамды бітіру керек. Негізі менің денсаулығымның сыр беруі тоқтамай жұмыс істегеннен және жүйкемнің тозғанынан екен. Барлығын жүрекке қабылдаймын. Не үшін демалмай жұмыс істеп жатырмын, кіммен жарысып, кім үшін істеп жатырмын, қалай ойлайсыздар?", – деді әзілкеш.



Одан кейін желі жұлдызы күйеуіне қатысты да жазба жариялаған еді.

"Кейде өмірде мүлдем қаламаған нәрселер болады. Бірақ амал жоқ, қабылдайсың, әрі қарай өмір сүресің. Келесі аялдамаға жалғыз кетіп барамын. Достар, әзірге не болғанын бүкпей айта алмаймын. Бірақ бір нәрсені мойындаймын – кінә өзімнен. Жылап жататын уақыт жоқ, алайда әйел баласы ретінде көз жасы арқылы жеңілдеп қалатынымыз бар. Мен тіпті шыңғырып жылаймын. Түрім өзгеріп кетті", – деп жазды ол.

Гүлдана Нұрлыханова
Жұма, 15 Тамыз, 2025 09:37
Талқылау