Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бетімнен сүйіп жылайды": Жазира Байырбекова қызының ерекше қасиетін айтып берді

Танымал әнші Жазира Байырбекова қыз баланы тәрбиелеудің ерекшелігін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/zhazira_bairbekova/

Өнер иесі қызы Дараның ерекше қасиеттеріне тоқталды. 

“Папамды сұраған Даратайыма қайтыс болғанын айтқам ғой. “Папаңды сағынып жатырсың ба?” деп мені құшақтап, бетімнен сүйіп жылайды. 
“Сен өлмеші, Алла тағаладан мамам өлмесін деп күнде сұрасам өлмейсің бе?!” дейді. Қайдан естиді мұндайды білмеймін. Тамағым ауырып тұрса, жағатынын әкеп “дайынсыз ба, емдейін сізді” деп тұрады. “Мына киімді ки, мынаны киме” деп ойларын айтады. Көңіл-күйім болмай, үндемей қалсам, "мама саған не болды" деп тұрады. 5 жасынан маған мейірімін төгіп жүр ғой. Аллаға шүкір!”, – деп жазды әнші.



Сондай-ақ өнер иесі қызының әнге жақын екенін де жасырмады.

“Мен оған не істесем, соның бәрін өзіме істейді. Жұмыстан келгенде "Балапаным – балдай" деген әнімді айтып кіретінім бар. Енді өзі балабақшадан келгенде мен үйде болып қалсам, құшағын жайып тұрып сол әнді маған айтады. Қалжыңдары да жеткілікті. Қыздардың бәрі сондай ма?!” – деді эстрада жұлдызы. 

Еске салайық, Жазира Байырбекова жары Жанболатпен танысқан кезін есіне алған еді. 

Талқылау